×

Тағы бірнеше кәсіпорын мемлекет меншігіне қайтарылады

Бұл жайлы үкімет мәлімдеді

 Қымбат Елтайқызы 20.04.2022 | 15:15
фото: ашық дереккөзден

Үкімет республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы қаулы қабылдады.

«Көліктік сервис орталығы» акционерлік қоғамының (КСО) акциялары пакетінің 100%-ын сыйға тарту шарты бойынша республика меншігіне беру туралы «Темір Триумф» ЖШС-нің ұсынысы қабылдансын, — делінген құжат мәтінінде.

«КСО» АҚ Қазақстандағы 400-ден астам теміржол кірме жолдарының теңгерім ұстаушысы екенін атап өткен жөн.

«Сондай-ақ сыйға тарту шарты бойынша «Integrity Solutions» ЖШС ақпараттық-коммуникациялық салада қызмет көрсететін «Soft Art» ЖШС жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 50%-ын республика меншігіне береді», – делінген ақпаратта.

«Bridge capital investments limited» жеке компаниясы мемлекетке тау-кен және өңдеу өнеркәсібі салаларында жұмыс істейтін «Акмолит» ЖШС, «Мархит» ЖШС, «Топаз-НС» ЖШС жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерінің 100%-ын береді.

«КСО» АҚ акциялары және аталған серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестері «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларына төлеуге беріледі, – делінген қаулыда.

Құжат қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Үкімет жанынан экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия құрылды. «Қазақтелеком» акцияларының 28,8 пайызы мемлекет меншігіне қайтарылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Бензема жаңа клубты таңдады

«Әл-Иттихад» футболшыға 2 жылға келісімшарт ұсынып, 200 млн еуро санап береміз деп отыр
05.06.2023 | 17:23

Павлодар облысында алаяққа сенген зейнеткер 13 млн теңгесінен айырылды

Жыл басынан бері 9 павлодарлық осындай схема бойынша алданған
05.06.2023 | 16:55