×

«Қазақтелеком» акцияларының 28,8 пайызы мемлекет меншігіне қайтарылады

Бұған дейін Бағдат Мусин «Қазақтелеком» компаниялар тобын демонополизациялауды ұсынған еді

 Қымбат Елтайқызы 12.04.2022 | 17:00
фото: ашық дереккөзден

Қазақстан үкіметі «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы қаулы қабылдады.

Сыйға тарту шарты бойынша «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының жарғылық капиталының 24,95%-ын құрайтын 2 671 481 жай акциясын республика меншігіне беру туралы Skyline Investment Company S.A. жеке компаниясының ұсынысы қабылдансын, — делінген қаулы мәтінінде.

Сондай-ақ «Alatau Capital Investment» ЖШС сыйға тарту шарты бойынша қоғамның жарғылық капиталының 3,85%-ын құрайтын қоғамның 413 412 жай акциясын республика меншігіне береді.

Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Қазақтелеком» компаниялар тобын демонополизациялауды ұсынған болатын. «Қазақтелекомға» рұқсат берген мен емес, бұрынғы үкімет» деп мәлімдеді Мусин.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Ер адамның дене пішіні әйелге ұқсап бара жатыр»: дәрігер пластик бөтелкеден су ішудің салдары барын ескертті

Пластик құрамындағы бисфенол тағам, су арқылы ағзаға өтіп, ксеноэстроген гормонына айналады
27.05.2023 | 21:37

Солтүстік Қазақстанда малшы найзағай түсіп қайтыс болды

Қайғылы жағдай болған 25 мамыр күні ол мал бағып жүрген
27.05.2023 | 20:52

СҚО-да әкім журналиске берген сұхбатынан кейін ауруханаға түсіп қалды

Жұмағұловтың айтуынша, әкім аурухананың инсульт орталығында жатыр
27.05.2023 | 19:54

Ақтөбеде аламан бәйге өтті

Турнирге еліміздің бірнеше өңірінен 62 шабандоз қатысты
27.05.2023 | 17:08