×

Қазақстандықтар Астана мен Алматыдан басқа қай қалаларға саяхаттайды?

Ішкі туризмде де оң серпін бар

 Дәурен Ерболат 12.05.2023 | 10:18
Фото: inbusiness.kz

Қазақстанға туристер ағыны бір жылда 11% өскен, деп хабарлады Aviasales.kz.

Осылайша, Қазақстан шетелдік туристер үшін тартымды бола бастаған.

Былтыр әуе билеттерін жиі сатып алатын бағыт Орталық Азия елдері мен Ресей болса, биыл Түркия, БАӘ және Грузия, Қазақстанға сұраныс артқан, - деп жазылған хабарламада.

Үздіктердің қатарында мына елдер тұр:

  • Ресей;
  • Түркия;
  • Тайланд;
  • Өзбекстан;
  • БАӘ;
  • Грузия.

Сайт басшысы Юлия Исакинаның айтуынша, 2023 жылы елімізге келетін туристердің саны өсуі мүмкін.

Біз жазға қарай шетелден Қазақстанға саяхатқа сұраныстың айтарлықтай өсетінін байқап отырмыз. Өткен жылмен салыстырғанда сұраныс артқан. Бұл бізді қуантады. Шетелдіктер көбінесе Алматыға барады. Олар көркем табиғатты көріп, тауда серуендегісі келеді, - деді басшы.

Сондай-ақ биыл шетелдік туристер көбінесе Алматы, Астана, Ақтау, Шымкентке барған.

Ішкі туризмге деген қызығушылық 6% өсті. Қазақстандықтар көбінесе саяхаттауға Алматы (35%) мен Астананы (30%) таңдайды. Бұдан кейін тізімде Шымкент (8%), Ақтау (5%), Ақтөбе (4%), Атырау (4%) қалалары тұр. 2023 жылы ішкі бағыттағы ең арзан әуе билеті Астана-Павлодар бағытында – 24 доллар (10 671 теңге), - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама