×

Банкроттыққа тапсырылған өтініштердің 70%-ы кері қайтарылған

Көптеген өтініш берушілердің меншігінде мүлік, автокөлік, жер учаскелері бар

 Еркеғали Болатұлы 04.05.2023 | 15:38
фото: ашық дереккөз

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов соттан тыс банроттық рәсімі кезінде тіркелген адамдардың 70 пайызының өтініші не себепті кері қайтарылғанын айтты.

Қазір 49 мыңнан аса өтініш келіп түсті. Оның 36 мыңы кері қайтарылды. 6 мың өтінішті қабылдап үлгердік. Жарты жылдың ішінде олар банкрот деп танылуы мүмкін. Кейбір өтінімдер әлі де қаралып жатыр. Өйткені өтініш 15 жұмыс күні ішінде қаралады, – деді ол Сенатта тілшілердің сұрағына берген жауабында.

Бұл ретте өтініштерді кері қайтарудың негізгі себебі соттан тыс банкроттық рәсіміне қатысты болып тұр. Атап айтқанда, өтініш берген адамдардың қарызы шекті сома 1600 АЕК-тен асып отыр. Тағы бір мәселе, кейбір өтініш берушілер жартылай банкроттыққа өткісі келеді, яғни олардың ипотека бойынша несиесін төлеп жатқаны анықталды. Көп жағдайда өтініш берген адамдардың меншігінде мүлік, автокөлік, жер учаскелері бар екені белгілі болған. Осы деректер соттан тыс банроттықты рәсімдеу кезінде анықталды.

Вице-министр өтініштерді кері қайтару қалыпты жағдай екенін және бұл көрсеткіш 70 пайызды құрағанын айтты. Тиісті заңды әзірлеу кезінде халықаралық тәжірибе, соның ішінде батыс елдеріндегі талаптар зерттелген.

 «Екі айда 50 мыңға жуық өтініш түсті. Меніңше, бұл –өте жақсы көрсеткіш және қаржылық жағдайды жақсартуға жақсы мүмкіндік беріліп отыр», – деді Ержан Біржанов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама