×

«Самұрық-Қазына» қорына республикалық бюджеттен 162,6 млрд теңге бөлінеді

Әрі қарай қаржыландыру вагондарды өндіру және шығаруды ұйымдастыру көлеміне қарай қамтамасыз етіледі

 Динара Амантай 28.04.2023 | 11:23
Фото: Halyq Uni

Үкімет «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына бюджеттік несие берудің негізгі шарттарын бекіту туралы қаулы шығарды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бюджеттік несие «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңында көзделген 050 «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ға несие беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 162 600 000 000 (жүз алпыс екі миллиард алты жүз миллион) теңге сомасында беріледі, – делінген Үкіметтің 20 сәуірдегі №314 қаулысында.

Бюджеттік несие қарыз алушыға жылдық 0,05 %-ға тең сыйақы мөлшерлемесі бойынша 30 (отыз) жыл мерзімге теңгемен беріледі.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, жақын арада Қор, Ұлттық экономика министрлігі және Қаржы министрлігі несиелік келісімге қол қойып, оның шеңберінде биыл республикалық бюджеттен 162,6 млрд теңге бөлінеді. Әрі қарай қаржыландыру вагондарды өндіру және шығаруды ұйымдастыру көлеміне қарай қамтамасыз етіледі.

Вагондар Астанадағы «Stadler Kazakhstan» өндірістік алаңында швейцариялық Stadler компаниясының технологиясы бойынша құрастырылады. 2030 жылға қарай барлығы 500-ден аса түрлі модификациядағы вагондар шығарылады деп күтіледі. Олар негізгі теміржол бағыттары бойынша әлеуметтік маңызы бар тасымалдауларды ұйымдастыруға және «Жолаушылар тасымалы» АҚ ескірген паркін ауыстыруға пайдаланылады.

Анықтама үшін: ҚТЖ мен Stadler арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге 2021 жылдың қарашасында президенттің қатысуымен Женевада өткен инвестициялық дөңгелек үстел аясында қол қойылған. Stadler компаниясы өндіріс орындарын қазақстандық зауытқа көшіруді бастап кетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама