×

Талап жеңілдейді: Қазақстанда жаңадан екі банк құрылуы мүмкін

Екі микроқаржы ұйымы банк ретінде құрылуға талпынып отыр

 Халық үні 26.04.2023 | 13:28
Мәдина Әбілқасымова, фото: Halyq Uni

Қазақстанда жаңадан банк ашу талаптары жеңілдетілмек. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты.

Микроқаржы ұйымдары екінші деңгейлі банктер ретінде құрылуы мүмкін. Бізде екінші деңгейлі банк ретінде құрылуға талпынып отырған екі ірі микроқаржы ұйымы бар, олар - KMF және Solva микроқаржы ұйымдары. Олардың қомақты сомадағы портфелі бар, капиталдарының жеткілікті, - деді Мәдина Әбілқасымова.

Агенттік басшысының жаңа банк ашу талаптары қашан жеңілдетілетінін айтты.

«Өтініш беріп, банк лицензиясын алуға болады. Жаңа банктердің пайда болуына қатысты тоқталсақ, біз жаңа банктерді ашу талаптарын жеңілдету мақсатында банк жүйесі туралы заңнамаға түзетулер әзірлеп жатырмыз. Осы түзетулер қабылданғаннан кейін, Қазақстанда банк ашуға талпынғандар көбейеді деп санаймыз», - деді ведомство басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама