×

Жарық пен жылу қымбаттайды – министр

Баға кемінде 15%-ға көтерілуі мүмкін

 Дәурен Ерболат 19.04.2023 | 14:25
Фото: ekotel.by

Қазақстанда жарық пен жылу қымбаттайды. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бұған дейін мен (электр энергиясы мен жылуды) кем дегенде 15%-ға көтеру керектігін айттым. Себебі біз энергетиктер және жылу орталығының өкілдерімен тікелей сөйлесіп жатырмыз. Олар саладағы жағдайдың қиын екенін және ауқымды инвестиция керектігін айтып отыр. Сондай-ақ қысқа сапалы дайындалу керек, - деді Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген отырыстан соң.

Оның пікірінше, биыл қысқы маусымға дейін 2 мәселені шешу керек.

Біріншіден, бұл – тариф (бағасын) көтеру. Екіншіден, кәсіпорындарда жиналып қалған қарыздарды қайтару керек. Оларда тиісті ресурс әрі отын жинауға және (орталықты) жөндеуге мүмкіндік жоқ. Энергетикалық жабдықтау мәселесі күрделі. Оларға алдын-ала тапсырыс беру керек әрі жөндеуді қамтамасыз ету қажет. Бізде уақыт аз. Осыған байланысты жақында тарифтердің бағасы өседі деп ойлаймын, - деді министр.

Жұмыс алдымен энергия өндіруші ұйымдардан басталады.

«Өйткені жылу электр орталығы мен мемлекеттік аудандық электр орталығы – энергия және жылумен жабдықтаудың негізгі сенімді көзі. Біз өтінімдерді қарастырамыз. Жақында бұл шараға барамыз деп ойлаймын. Бірақ (баға) біртіндеп өседі. Өтінімдерді алғаннан кейін сіз хабарландыруды көресіз. Сонда бағаның қаншалықты өсетіні белгілі болады», - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Сөз соңында ол мәселенің бақылауда болатынын, жарық пен жылудың бағасы бір айдың ішінде көтерілетінін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама