×

Барлық өңірде инфляция баяулаған

Елдегі жылдық инфляция көрсеткіші – 18,1%

 Дәурен Ерболат 18.04.2023 | 17:55
Фото: the-steppe.com

Биыл наурызда барлық өңірде инфляция баяулаған, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

2023 жылғы наурызда елде жылдық инфляция 18,1%-ды құрап (ақпанда – 21,3%), ол барлық өңірде баяулады.

Жылдық инфляцияның ең жоғары мәні – Маңғыстау облысында, Астана қаласында және Солтүстік Қазақстан облысында.

Наурызда азық-түлік тауарларының бағасы ж/ж 20,5%-ға дейін (ақпанда – 26,2%) баяулады.

Осы топқа жататын тауарлардың бағасы Маңғыстау облысында (26,8%) барынша тез, ал Алматы қаласында (18,7%) мейілінше баяу өсті.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 18,1%-ға дейін бәсеңдеді (ақпанда – 20,5%).

Ең жоғары мән – Астанада (28,7%), ең төменгі мән – Алматы облысында (13,6%)

Наурызда ақылы көрсетілетін қызметтердің бағасы ж/ж 14,4%-ға дейін баяулады (ақпанда – 15,0%). Бұл ретте баға жалпы республикалық деңгейден Ақмола, Маңғыстау және Ұлытау облыстарында (17,8%-дан) біршама тез, Астана қаласында (11,0%) айтарлықтай баяу өсті.

Биыл наурызда елде айлық инфляция 0,9%-ға артты. Бұл тарихи орташа мәннен (2017-2021 жылдары наурызда – 0,6%) жоғары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама