×

Бір ай ішінде банкроттыққа 34 мыңнан аса қазақстандық өтініш тапсырған

Талаптарға сай келмеген 7 692 адамның өтініші қанағаттандырылған жоқ

 Еркеғали Болатұлы 31.03.2023 | 17:46
фото: ашық дереккөз

3 наурыздан бері банкроттық бойынша 34 мыңнан аса өтініш түскен. Бұл туралы бүгін Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.

Ең көп арыз Түркістан облысынан (5 400) түсті. Екінші орында Алматы облысы (4 мың арыз), үшінші орында Алматы қаласы (2900 арыз) тұр. Соттан тыс банкроттық бойынша өтініштердің 94 пайызы электронды үкімет порталы арқылы жүзеге асырылды, - деді ол ҚКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің айтуынша, 3 наурыздан 7 наурызға дейін 10 362 арыз қаралған. Тексерістің қорытындысы бойынша 2 670 адам соттан тыс банкроттық рәсімін бастап кетті. Талаптарға сай келмеген 7 692 адамның өтініші қанағаттандырылған жоқ. Себебі көбінің жылжымайтын мүлігі, жер учаскесі, автокөлігі және кәсіпорындарда үлестері бар.

Арызы кері қайтарылған азаматтардың бәріне 1414 нөмірі арқылы банкроттыққа неліктен ілікпейтіні туралы хабарлама жолданған. Бұл ретте бас тартуға себеп болған негіздерді жойған қазақстандықтар банкроттыққа 3 айдан кейін қайтадан өтініш бере алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама