×

«Қазақстанда жасалған» ұлттық жобасы іске қосылды

Жоба отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетуді көздейді

 Дәурен Ерболат 20.03.2023 | 16:40
Фото: Сауда және интеграция министрлігі

Түркістанда алғаш рет KazAgro/KazFood Turkistan 2023 халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлады Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.

Іс-шара аясында «Қазақстанда жасалған» жалпы ұлттық жобасы іске қосылды. Оның мақсаты – отандық тауар өндірушілерді қолдау, олардың өнімдерін ішкі және сыртқы нарыққа шығару.

Президенттің тапсырмасын орындау үшін көрмеде Түркістан облысының әкімдігі, сауда желілерінің өкілдері мен өндірушілер отандық тауарларды ілгерілетуге жәрдемдесу жөніндегі үшжақты меморандумға қол қойды.

Құжат отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ өндірісті дамытуға серпін береді. Сондай-ақ бұл тауардың өзіндік құнының төмендеуіне және өнім сапасының өсуіне ықпал етеді, - деді СИМ Сауда комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Әбілдабеков.

Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша СИМ ТРМК «Қазстандарт» РМК филиалының директоры Сәкен Бейсеев «Қазақстанда жасалған» таңбалау белгісін қолдану тәртібін түсіндірді.

Тауарда таңба анық көрінуге тиіс. Ол өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына әсер етпеуі керек. Оның қолдану, буып-түю мөлшеріне қатысты талапты өндіруші белгілейді, - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама