×

Үкіметте жетілген мұнайды одан әрі игеру мақсаты талқыланды

Сондай-ақ жұмыс орындарын сақтау үшін қолдаудың маңыздылығы атап өтілді

 Динара Амантай 17.03.2023 | 10:59
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов Энергетикалық кеңестің отырысын өткізді, деп хабарлады Halyq uni тілшісі.

Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Энергетикалық кеңестің отырысында бірқатар жетілген мұнай кен орындарын одан әрі игеру мәселелері талқыланды. Президент әкімшілігі, орталық мемлекеттік органдар, Ұлттық Банк, «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы басшылығының қатысуымен инвестицияларды ұлғайту және игерудің соңғы кезеңдеріндегі кен орындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қаралды. Атап айтқанда, өндіріс көлемі, жұмыспен қамту және салық салу мәселелері қозғалды.

Премьер-министр жанар-жағар май ішкі нарығын тұрақты қамтамасыз ету, мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қорды толықтыру, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтау үшін осындай кен орындарын қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар отырыста жер қойнауын пайдалану саласындағы бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама