×

Қазақстан Ресейге салынған санкциялар салдарын еңсере алады - агенттік

Биыл ел экономикасының өсуі 2% деңгейінде болады

 Қымбат Елтайқызы 02.04.2022 | 09:00
коллаж: Halyq Uni

Standard&Poor's Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін тағы да растады. Standard&Poor's халықаралық рейтинг агенттігі еліміздің тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB-/А-3» деңгейінде растады, болжам – «Тұрақты». 

Қазақстан рейтингін қолдайтын маңызды факторлар — ел экономикасының тұрақты фискалдық және сыртқы баланстары. Бұл ретте Қазақстанның өтімді сыртқы активтерінің болуы еліміздің фискалдық тұрақтылығына айтарлықтай оң әсер етеді. Агенттік Қазақстан үкіметімен бірлескен талқылаулардан кейін, Ресейге қатысты экономикалық санкциялардың салдарын еңсеруге болатынын айтты, – дейді үкімет.

Сонымен бірге Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалындағы өткізу қабілетінің төмендеуі уақытша әрі еліміздің экспорттық мұнай жеткізілімінің айтарлықтай үзілісіне алып келмейді. Жалпы, S&P Қазақстанның тұрақты мемлекеттік және сыртқы баланстары, мұнай мен алтын бағасының өсуімен қатар, сыртқы күйзелістерді жұмсартуға жеткілікті екенін атап өтеді.

«Standard&Poor's деректеріне қарағанда, 2022 жылы еліміздің экономикасының өсуі 2% деңгейінде болжанып отыр», – делінген ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Әлем чемпионы атағы үшін айқасқан Жанқош Тұраровтың жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды

12 раундқа есептелген жекпе-жек Тұраровтың жеңісімен аяқталды
21.03.2023 | 21:58

22 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Республиканың солтүстігінде, оңтүстік жартысында тұман болып, жел күшейеді, сондай-ақ оңтүстікте найзағай ойнайды
21.03.2023 | 20:45

Абай облысында ерлі-зайыпты қылмыс үстінде ұсталды

Жарма ауданында аса ірі көлемде есірткі саудалаған әйелі мен күйеуі «Алматы-Семей» тасжолында көлікпен келе жатқанда ұсталды
21.03.2023 | 19:50

Маңғыстау облысында 12 ауыл ауыз сумен қамтылды

Өңірде су тапшылығы мәселесі өзекті болып отыр
21.03.2023 | 17:35