×

Елімізде минералды тыңайтқыштар 3 есе қымбаттады

Депутат ауыл шаруашылығы саласындағы проблемаларды атады

 Халық үні 31.03.2022 | 14:40
фото: ашық дереккөзден

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы аграрлық сала еңбеккерлерін қаржылай қолдауды күшейту үшін Қазақстанда ауыл шаруашылығы банкін құруды ұсынды. Ол бұл туралы премьер-министр атына жолдаған депутаттық сауалында айтты. Сенатор пікірінше, ол қазір аса қажет салаға айтарлықтай қолдау көрсетер еді. Бұл мәселе жақында сенаторлардың Қызылорда облысына барған жұмыс сапары кезінде көтерілген болатын.

«Минералды тыңайтқыштардың қымбаттығы да бөлек бір проблема. Биыл олардың бағасы өткен жылмен салыстырғанда 2,5-3 есе өсті. Депутат осыған байланысты өз сауалында «Мелиорация туралы» заңды қабылдау қажеттігін атап өтті. Ол заңда мемлекеттік органдар мен жер пайдаланушылардың жерді мелиорациялау жөніндегі жауапкершілігі нақтылануы тиіс», – дейді Сенат.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама