Ведомство елімізге келетін шығын көлемін де болжады
Қазақстан ОПЕК+ шеңберіндегі өз міндеттемелерін өндірісті қысқарту арқылы өтейді.
КҚК-дағы қалпына келтіру жұмыстарының жағдайына байланысты биылғы сәуірдің соңына дейін жөндеу кезеңінде елімізде жоғалған өндіріс көлемі шамамен тәулігіне 320 мың баррельді (1,3 млн тонна) құрауы мүмкін, – дейді энергетика министрлігі.
Бұл қысқарту ОПЕК+ серіктестерімен өзара әрекеттесу аясында өтемақы жоспарының бір бөлігі ретінде қарастырылады.
Маусым-шілде айларында НСОС объектілерінде күрделі жөндеу жүргізуді ескеріп, Қазақстан маусым айының соңына қарай ОПЕК+келісімі шеңберінде өндіруді шектеу бойынша өз міндеттемелерін толық өтейді.
Бұған дейін КҚК-дағы бір айлақ жұмысын бастағаны белгілі болды. Белгілі сарапшы еліміздің мұнай экспортына төнген қауіпті атады. Энергетика министрлігі апатқа қатысты түсінік берді.