×

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қосымша қаржы бөлінбейді – Үкімет

Шенеуніктің пікірінше, мемлекет тиісті қаржыны бөлген

 Дәурен Ерболат 17.02.2023 | 14:36
фото: ашық дереккөз

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қосымша қаржы бөлінбейтінін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, енді аталған бағдарламаға «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі жауап береді. 

Үкімет өзіне тиесілі жұмысты істеді. Жеңілдетілген автонесие бағдарламасына утилизациялық алымнан 100 млн теңге бөлінді. Жалпы 188 млрд теңге айналымда. Бұл бағдарлама револьверлік әдіспен қаржыландырады. Бағдарлама өте танымал, сұранысқа ие. Оған 188 млрд теңге құйылды. Әзірге бұл қаражат жеткілікті. Жақын арада айналым қаражатын ұлғайтуға көп қаржы салмаймыз. Өйткені бізде басқа да өзекті міндеттер бар, - деді Роман Скляр Сенатта өткен парламенттік тыңдаудан соң.

Бірінші вице-премьер бағдарламаға қатысты мәселе барын, бірақ оған мемлекет жауап бермейтінін атап өтті.

Әрине, берілетін несиенің санына сұрақтар бар. (Бағдарлама – автор) револьверлік әдіс негізінде қаржыландырыла береді. Бұл қаржыны біз алмаймыз. Бұдан әрі бұл жұмысты «Бәйтерек» холдингі мен оның еншілес құрылымдары жүргізеді, - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін жеңілдетілген автонесиені 18 секундта 761 қазақстандық алғаны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама