×

Жалақысы 1,5 млн теңгеге дейін: Фриланс жұмыс іздеушілер екі еседен артық көбейді

Фриланс жұмыс көп ұсынатын салалар – шығармашылық, ақпараттық технология және аударма ісі

 Бауыржан Мұқанов 02.02.2023 | 14:40
Фото: templancer.com

Қазақстандықтар арасында соңғы уақытта қыста экзотикалық елдерде жатыр, дәмханада немесе үйде отырып қашықтан жұмыс істеу кеңінен тарала бастады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Соңғы бір жылда HeadHunter компаниясының сайтында фриланс жұмыс іздеушілер саны екі еседен астам, дәлірек айтқанда, 142% өсті. 

Жұмыстың бұл түрі несімен тартымды?

  • Фрилансер ретінде жұмыс істеудің басты артықшылығы – икемді кесте;
  • Мобильділік – жұмыс орнында байланып отырмау;
  • Жұмысты «өз қалауы бойынша» таңдау мүмкіндігі – жұмыскерлердің өзі қалайтын жұмысты істеуі; 
  • Жұмысқа толық жауапкершілік алу. 
  • Кәсіби өсуге және дағдыларын дамытуға таптырмайтын мүмкіндік.

hh.kz сайтындағы түйіндемелерді талдағаннан кейін біз Қазақстанда фрилансер ретінде өз қызметтерін жиі ұсынатын мамандардың үш негізгі тобын анықтадық. Бірінші орында шығармашылық мамандықтардың өкілдері – дизайнерлер мен суретшілер. Одан кейін IT мамандары – бағдарламашылар, әзірлеушілер және т.б. Одан кейін шет аудармашылар көп.

ФРИЛАНСЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ

2022 жылға жұмыс берушілер фрилансерлерге саласына, тәжірибесі мен біліктілігіне қарай 200 000 теңгеден 1 500 000 теңгеге дейін жалақы ұсынды.

Бұдан мынадай қорытынды жасауға болады: фрилансерлердің жалақысы кеңсе қызметкерлерінің жалақысынан еш кем түспейді, деп жазады HeadHunter сарапшылары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама