×

«Алаяқтардың жарнамасы жиілеп кетті». Вице-министр банкроттық рәсімдегісі келетіндерге ескерту жасады

Қарызы 5,5 млн теңгеден аспайтын соттан тыс банкроттық рәсім – мүлде тегін рәсім

 Айнұр Шошаева 15.01.2023 | 14:10
фото: ашық дереккөз

Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов банкроттық рәсімдегісі келетін жеке тұлғаларды алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырды, деп хабарлады Halyq uni.

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде (TikTok, Instagram және т.б.) азаматтардың банкроттығы бойынша алаяқтардың ақылы қызметтер көрсету, банкроттыққа жататын соманың 10-20%-ын төлеу қажеттігі туралы жарияланымдарды орналастыру жағдайлары жиілеп кетті, – деді ол.

Бұл ретте вице-министр мұндай дереккөздерге сенбеу қажеттігін атап өтті. Өйткені соттан тыс банкроттық рәсімінің (қарызы 5,5 млн теңгеден аспайтын) мүлде тегін рәсім екенін еске салды. Оның айтуынша, 2023 жылдың наурыз айынан бастап бұл қызметті E-gov сайты және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы алуға болады.

Қазір елімізде жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңды түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазақстандықтар 2023 жылдың наурыз айынан бастап банкроттыққа арыз бере алады.

Заңда 3 түрлі әдіс – соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдері қарастырылған. Барлық үш рәсімді тек борышкер ғана бастайды, яғни несие беруші немесе өзге кредитордың борышкерге қатысты бұл рәсімдерді қолдануға хақысы жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама