×

Былтыр шетелге шамамен 1 млрд теңге аударылды

Ақшаның басым бөлігі Түркия, Өзбекстан мен Ресейге тиесілі

 Дәурен Ерболат 09.01.2023 | 16:22
фото: Halyq Uni

2022 жылғы қаңтар-қарашада Қазақстаннан шетелге халықаралық ақша аудару жүйесі (ААЖ) арқылы 962,7 млрд теңге жіберілді, деп хабарлады Ranking.kz.

Бұл 2021 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 4,5%-ға артық.

11 айда транзакция саны 2,6%-ға азайып, 2,3 млн болды. Шетелге бір аударымның орташа сомасы 391,5 мың теңгеден 419,9 мың теңгеге дейін өсті.

Былтыр қаңтар-қарашада елімізден шетелге ААЖ арқылы аударылған ақшаның көбі тек Өзбекстан (276 млрд теңге) мен Түркияның (250,5 млрд теңге) үлесіне тиді.

Өзбекстанға аударым көлемі былтырмен салыстырғанда 0,9%-ға азайып, Түркияға бірден 32,4%-ға өсті.

Сондай-ақ ақшаның айтарлықтай көлемі Ресей (175,6 млрд теңге) мен Қырғызстанға (71,6 млрд теңге) тиесілі.

Грузияға да аударымдар көлемі артқан: 2,5 есе, 64,8 млрд теңге.

Айта кетейік, 2022 жылғы 21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин елде ішінара мобилизация жариялаған еді. Кейін ресейліктердің басым бөлігі Түркия, Грузия мен Қазақстанға ағылды.

2022 жылғы қаңтар-қарашада Қазақстаннан шетелге жіберілген қаражаттың жалпы көлемінің 76,7%-ы тек Ресейдің «Золотая Корона» ақша аударым жүйесінің үлесіне тиді: 738,5 млрд теңге. Одан кейін тізімде Contact (128,9 млрд теңге) және Western Union (59,9 млрд теңге) жүйелері тұр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама