×

Елімізде қант қоры жектілікті ме - Сауда министрлігі жауап берді

Оның бағасы шарықтамай ма?

 Қымбат Елтайқызы 11.03.2022 | 13:25
фото: ашық дереккөзден

Сауда және интеграция министрлігі қазір Қазақстанда негізгі азық-түлік тауарларының қорлары жасалғанын мәлімдеді.

Өңірлер мен Сауда желілері одағының ақпараты бойынша, тұрақтандыру қорлары мен сауда объектілерінде қант қорлары шоғырланған. Олар 3 ай бойы халық сұранысын қанағаттандыру үшін жеткілікті, – дейді ведомство.

Жеткізушілер географиясын кеңейту және тәуекелдерді төмендету шеңберінде дайын қант өндіру үшін басқа елдерден шикі қант сатып алу жұмысы жүріп жатыр. Қазақстанның 2022 жылғы тамыздың соңына дейін кедендік баждар төлемей 250 мың тонна қант әкелу мүмкіндігі бар. 

«Қант бағасын тұрақты деңгейде ұстап тұру үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар сауда объектілерінің «айналым схемасын» пайдаланады және тұрақтандыру қорларынан интервенцияларды қоса алғанда, бірқатар шара қабылдайды», – делінген ақпаратта.

Атап өтсек, 2021 жылы Қазақстанда меншікті қант өндірісі 276,9 млн тоннаны құрады. Бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 89-ға жоғары.

2021 жылы Қазақстанға басқа елдерден 506,9 млн тонна қант және шикі қант импортталды. Ресейден Қазақстанға 275,8 млн тонна әкелінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,7%-ға аз. Бразилиядан – 164,6 млн тонна, Беларусьтен – 35,5 млн тонна, Мексикадан-30,4 млн тонна жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама