×

Ұлыбритания Қазақстан экономикасына 20 млрд доллардан аса инвестиция салды

Қос тарап өңірлік, сондай-ақ халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасты

 Еркеғали Болатұлы 22.12.2022 | 14:50
фото: goodfon.ru

Астана мен Лондон саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайта бермек. Ол туралы премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді британиялық әріптесі Джеймс Клеверлимен кездесу барысында айтты.

Бұл ретте қос тарап өңірлік, сондай-ақ халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасты. Сапар барысында қазақстандық делегация британиялық инвесторлармен де кездесті. Ол жерде минералды ресурстарды барлау және өндіру, мұнай экспортын әртараптандыру, жасыл энергетиканы дамыту, Қазақстанда су тазарту нысандарын салу мәселелері талқыланды.

Бұдан бөлек, Мұхтар Тілеуберді жергілікті ресми топ өкілдерімен жүздесіп, елдегі саяси реформалар жайын баяндады.

Біз экономикалық жағынан ең алдымен сауда, екіншіден, инвестициялар тарту мәселелерін талқыладық. Қазір екіжақты саудамыз жылдан-жылға өсуде. Сонымен қатар, Ұлыбританияның компаниялары біздің экономикаға 20 млрд АҚШ долларынан аса инвестиция салды, - деді ҚР Сыртқы істер министрі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама