×

Ұлттық қордан балалардың шотына бөлінетін қаражатты қадағалайтын оператор белгілі болды

Жинақталған қаражатты бала кәмелетке толған кезде ғана пайдалана алады

 Айгерім Таубай 14.12.2022 | 09:50
Коллаж Halyq Uni

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов «Ұлттық қор – балалар үшін» жобасы қалай жүзеге асатынын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Оның айтуынша, жобаны 2024 жылдан бастап іске қосу тәсілдері әзірленіп жатыр.

18 жасқа дейінгі барлық балаларға жеке жинақтаушы шоттар ашылады, оларға жыл сайын қаражат түсетін болады. Шот операторы ретінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» анықталды, - деді Жақсылықов.

Тимур Жақсылықовтың айтуынша, жинақталған қаражат кәмелетке толған кезде ғана пайдалануға қолжетімді болады.

2023 жылы жобаны іске қосу үшін қажетті заңнамалық өзгерістер қабылдау жоспарланған, - деді ұлттық экономика бірінші вице-министрі.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында Балалар жылы аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты жаңа бағдарлама іске қосылатынын мәлімдеді. Осыған сәйкес, 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударылады.

Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалады. Үкімет пен Ұлттық банктің есебі бойынша, елімізде жыл сайын 400 мың сәби дүниеге келеді. Әр бала 18 жасқа толғанша олардың есепшотына кемі 3 мың АҚШ долларына тең қаражат жиналады.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ұлттық қор табысы балалардың есепшотында доллармен есептелетінін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама