×

Ақша айырбастау пунктерінде доллар 510 теңгеден сатылып жатыр

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 13,50% деңгейінде қалдырды

 Қымбат Елтайқызы 09.03.2022 | 17:00
коллаж: Halyq Uni

Ұлттық банк валюта нарығы бойынша ақпарат жариялады.

Жаһандық қаржы нарықтарындағы құбылмалдылықтың күшеюі аясында және ішкі валюта нарығындағы ахуалдың тұрақсыздануына жол бермеу мақсатында 9 наурызда KASE биржа алаңындағы сауда-саттық Франкфурт аукционы нысанында өтті. Франкфурт аукционы тетігі аукционның түпкілікті бағасын айқындауға мүмкіндік береді. Ол бойынша мәмілелердің барынша жоғары ықтимал көлемі жасалады және негізсіз құбылмалдылықтың алдын алуға бағытталады.

Аукцион қорытындысы бойынша, теңге бағамы бір доллар үшін 510,00 теңге деңгейінде қалыптасты. Сауда-саттық көлемі 210,7 млн долларды құрады. ҚРҰБ валюталық интервенциялары 198,9 млн доллар, ҚРҰБ қатысу үлесі 94,4% болды, – дейді Ұлттық банк.

Бұған дейін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 13,50% деңгейінде қалдырғаны белгілі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама