×

Ұлттық банк 2023 жылға арналған инфляцияны қайта қарады

Бұрын инфляция 7,5-9,5% деңгейінде болжанған

 Дәурен Ерболат 05.12.2022 | 17:30
Фото: Halyq Uni

Ұлттық банк 2023 жылға арналған инфляция болжамын 11-13%-ға көтерді, деп хабарлады Halyq Uni.

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов базалық сценарийдегі болжам қайта қаралғанын атап өтті.

2022 жылдың соңына дейін инфляция 20-21% шегінде қалыптасады. Біз 2023 жылғы 1-тоқсанда жылдық инфляцияның шарықтау шегіне жететінін болжап отырмыз. Жоғары инфляциялық болжамдар мен дезинфляциялық сыртқы ортада инфляция бойынша болжам 2023 жылдың соңына қарай 11-13%-ға дейін көтерілді. 2024 жылы инфляция 7-9%, 2025 жылы 4-6% шегінде болжанады, - деді төраға брифингте.

Сондай-ақ Ұлттық банк жалпы ішкі өнімнің өсімі 2022 жылы 2-3%, 2023 жылы – 3-4%, 2024-2025 жылдары – 3,5-4,5% деңгейінде болады деп болжап отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2023 жылы Қазақстанда инфляция 7,5-9,5% деңгейінде болатынын айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама