×

Ресей, Қазақстан, Өзбекстан елдері арасында «үштік газ одағын» құру мәселесі қарастырылды

Мәскеуде Қазақстан мен Өзбекстан территориясы арқылы Ресей газын тасымалдау мәселесі қаралды

 Халық үні 29.11.2022 | 11:52
Мәскеудегі Жеңіс парады, 2020 жыл

Кремльде өткен Қазақстан мен Ресей президенттерінің келіссөзі барысында Қазақстан мен Өзбекстан территориясы арқылы Ресей газын тасымалдау жұмыстарын үйлестіру мақсатында құрамына Ресей, Қазақстан, Өзбекстан кіретін «үштік газ одағын» құру мәселесі қарастырылған. Бұл туралы ҚР президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.  

«Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин барлық тараптың мүдделерін ескере отырып, осы мәселенің ұтымды шешімін табу үшін үш ел сарапшыларының қатысуымен егжей-тегжейлі келіссөз жүргізу қажет деп санайды», – деп хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге сапарында Қазақстан мен Ресейдің ХVIII өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты.

XVIII өңіраралық ынтымақтастық форумынан кейін Қазақстан мен Ресей президенттері келіссөз жүргізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама