×

Астана қаласы мен Қарағанды облысында газ бағасы арзандады

Бүгінде көгілдір отынды жеткізу үстемақысы да азайды 

 Дастан Жұмабекұлы 09.11.2022 | 13:34
фото: ашық дереккөз

Астана қаласы мен Қарағанды облысы бойынша «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тұтынушылары үшін тауарлық газдың бағасы арзандады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.

Атқарылған жұмыс нәтижесінде 4 қарашадан бастап, бұрын Астанада 1000 м3 үшін 34 550,69 теңге (ҚҚС-сыз) баға қолданыста болса, Қарағанды облысында 1000 м3 үшін 36 430,30 теңге (ҚҚС-сыз) болды. Бүгінде газдың бағасы 2,62 пайызға және 3,2 пайызға арзандады, –  делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, КРЕМ өтініші бойынша компания құжаттарды қыркүйек айында сараптамаға ұсынды. Оның қорытындысы бойынша КРЕМ «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның жеткізу үстеме ақысын Астана қаласының тұтынушылары үшін 35,21%-ға, ал Қарағанды облысының тұтынушылары үшін 32,15%-ға азайтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама