×

Қазақстанда ескі үйлер де қымбаттап жатыр

Жалға берілетін пәтердің бағасы Алматы, Қарағанды, Қостанайда айтарлықтай өскен

 Дәурен Ерболат 08.11.2022 | 17:12
Фото: vlast.kz

Елде бұрын салынған үйлер бір жылда 27,1%-ға, жаңа үйлер шамамен 17%-ға қымбаттады деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Қазақстанда бір жылда (2022 жылғы қазан мен 2021 жылғы қазан аралығы) бұрын салынған үйлердің бағасы 27,1%-ға, жаңа үйлердің бағасы 16,6%-ға көтерілген.

Биыл қазанда абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 54,2%-ға артты.

Жаңа салынған үйлер жылдық мәнде Ақтөбе қаласында 30,3%-ға, Өскеменде 26,3%-ға, Қостанайда 25,4%-ға қымбаттады.

Қолданыстағы пәтерлер нарығында Талдықорған (44,6%), Семей (44%), Ақтау (43,3%), Ақтөбе (42,4%) қалаларында баға өсті.

Тұрғын үйді жалға алу нарығында былтырғы қазанмен салыстырғанда Алматы (89,7%), Қарағанды (64,2%), Қостанай (58,5%) қалаларында баға айтарлықтай көтерілген.

Бір айда (2022 жылғы қыркүйек пен қазан аралығы) қолданыстағы пәтер бағасы – 2,1%, жаңа тұрғын үйді сату 0,9%-ға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен аймен салыстырғанда қазанда 5,6%-ға көтерілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама