×

Елімізге Түркиядан тауар импорттау жеңілдейді

Халал индустриясын дамыту маңызды

 Дәурен Ерболат 30.10.2022 | 11:45
Фото: СИМ

Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда айналымын 10 млрд долларға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Tubitak Ume Түркия метрология институтының бас директоры Мұстафа Четинтас айтты деп хабарлады Halyq Uni.

Оның айутынша, қос ел арасындағы тауар айналымын 5 млрд доллардан 10 млрд долларға жеткізу жоспарланған.

Сондықтан біз «ҚазСтандарт» мекемесімен уағдаластықты іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойдық. Негізгі міндет жалпы өлшеу эталондарын белгілеу және стандартты үлгілердің неғұрлым талап етілетін түрлерінің бірлескен өндірісін құру болып саналады. Бұл екі елдің өндірушілеріне өз өнімдерін экспорттауға көмектеседі, - деді Мұстафа Четинтас Алматыда өткен Ислам елдерінің стандарттары мен метрологиясы институты (SMIIC) кеңесінің 11-отырысында.

Жиынға 35 елден делегаттар қатысып, метрология, техникалық реттеу және халал индустриясы мәселелерін талқылады.

СИМ ТРМК «ҚазСтандарт» мекемесінің бас директоры Ғабит Мұхамбетовтің пікірінше, Қазақстанның SMIIC-ке қатысуы еуразиялық хаб ретінде еліміздің дамып келе жатқанын көрсетеді.

«Халал индустриясы әлемдік экономикадағы қарқынды дамып келе жатқан трендтің бірі болып саналады. Биыл ИЫҰ елдерінің тауар айналымының көлемі 14 млрд доллардан асты. Халал өнімдерінің әлеуеті азық-түлік саласынан басқа, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, косметика, тоқыма және аяқ киім өнеркәсібін де қамтиды», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама