×

Қымбатшылық: өңірлердің бірінде нанның бағасы 48%-ға өсті

Сонымен бірге саладағы өндіріс көлемі азайып жатыр

 Динара Амантай 10.10.2022 | 12:11
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда соңғы уақытта басқа өнімдермен бірге нанның бағасы да айтарлықтай өсті. Ал бір өңірде, тіпті, 48 пайызға өскен деп хабарлады Halyq Uni тілшісі, energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Сарапшылардың айтуынша, биыл қаңтар-тамыз айларында жаңа піскен нан өндірісі 342,4 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 пайызға аз. Сала бойынша өндірілген өнімнің төрттен бір бөлігі дерлік Түркістан облысының үлесіне тиген, мұнда 81,7 мың тонна өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,3% аз. Саладағы көшбасшылардың қатарына Алматы мен Ақтөбе облысы да кірді: сәйкесінше 36,6 мың және 33,8 мың тонна өндірілді. Жаңа піскен нанның ең аз көлемі Ұлытау мен Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Шымкентте өндірілді.

Биылғы қыркүйек айында нанның құны өткен жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда айтарлықтай 19,4 пайызға қымбаттады. Қара бидай нанының бағасы 24,7%-ға, жоғары сортты ұннан жасалған бидай наны – 28,2%-ға, бірінші сортты ұннан жасалған бидай нанының бағасы – 14,4%-ға, кесілген нанның бағасы – 28,1%-ға өсті. Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында нан қымбаттады. Әсіресе, нанның бағасы Ұлытау облысында айтарлықтай өсті: бірден 48,3%-ға. Сонымен бірге Ақмола облысы (27,6%-ға) және Алматы қаласында (25,8%-ға) өнімнің қымбаттауы байқалады. Ең аз жылдық баға өсімі Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді, мұнда 2,6% ғана өскен.

Айта кестек, жоғары сортты ұннан жасалған бидай наны қазақстандықтар үшін келісі 341 теңгеден, бірінші сортты ұннан 195 теңгеден сатылды.

Осы жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша елімізде жан басына шаққандағы орташа тұтыну бірінші сұрыпты бидай ұнынан 7,5 кг нанды және қара бидай және қара бидай ұнынан 646 г нанды құрады. Қала тұрғындары бидай нанын ауыл тұрғындарына қарағанда аз жейтін болып шықты, сәйкесінше 7,2 кг мен 7,8 кг. Бірақ қара бидай және қара бидай нанына қатысты жағдай керісінше: қала тұрғындары үшін жан басына тоқсанына 908 г, ауыл тұрғындары үшін 272 г.

Еске сала кетсек, бұған дейін елордада ерекше өндіріс іске қосылғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Астаналық кәсіпкер нан өнімдерінің қалдықтарын тастамай, одан мал азығын өндіріп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама