×

«Бақытты отбасы» бағдарламасынан жалғызбасты аналар санаты неге шығарылды?

Бағдарлама іске қосылғалы Қазақстанда ажырасу көрсеткіші күрт көбейген

 Дәурен Ерболат 03.10.2022 | 12:40
фото: Halyq Uni

«Бақытты отбасы» бағдарламасынан толық емес отбасы санаты алынып тасталды. Себебі, ажырасқандар саны көбейіп кетті. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (ИИДМ) құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол айтты, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.

Талдау нәтижесін ескеріп, отбасы институтын сақтау және ынталандыру үшін «Бақытты отбасы» бағдарламасынан толық емес отбасы санаты алынып тасталды. Сондай-ақ басым санаттар бойынша бірыңғай тәсіл қағидаты ескеріліп, жетім балалар, 1-2 топтағы мүгедектер енгізілді. Жүргізілген мониторинг «Бақытты отбасы» іске қосылған сәттен бастап, әкімдіктерде толық емес отбасы санаты бойынша кезекке тұрғындар саны 61,6 мың адамға (72%) артқанын көрсетті… Бұл басқа үй кезегінде тұрғандар үшін тең емес жағдай тудырды, - деді Бауыржан Қабдол.

Оның айтуынша, аталған бағдарлама бойынша өтініштердің 50%-дан астамы толық емес отбасылардан келіп түскен. Оның 35%-ы жеңілдетілген қарыз алған.

Сондай-ақ комитет төрағасы 2019 жылы «Бақытты отбасы» іске қосылғаннан кейін елде ажырасу көрсеткіші күрт көбейгенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама