×

«АрселорМиттал Теміртаудың» 20 мыңнан аса жұмысшысы аш қалғалы тұр

Компания асханаға 20 млрд теңгедей қарыз

 Еркеғали Болатұлы 30.09.2022 | 10:43
фото: ашық дереккөз

Ертеңнен бастап кеншілерге жұмыс орнында тегін емдік ыстық тағам мен сүт берілмейді. Бұл туралы «Астана» телеарнасына хабарласқан «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның асханаларына жауапты мердігер серіктестік өкілдері айтқан.

Жұмысшыларды тамақтандыруға жауапты ЖШС бас есепшісінің айтуынша, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы ыстық тағамы мен сүтін толық қаржыландырмай отырған көрінеді. Азық- түлік пен сүт қымбаттаса да оларға қажетті соманы шала-шарпы төлеп келеді екен. «Соған қарамастан 54 асхана мен «Шахтер» және «Жартас» демалыс орындарында тегін емдік тағам үздіксіз беріліп келді дейді бас есепші. Сондықтан олар келісімшартқа сәйкес қаржыны дұрыс аудармаған «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ын сотқа беріпті. Алайда Теміртау қаласының экономикалық соты дауды дұрыс шешкенмен, серіктестік тиісті сомасын әлі алмай отыр.

Біздің компанияға «АрселорМиттал Теміртау» 20 млрд теңгедей қарыз. Біз екіжақты дау шешілмесе, тегін емдік тағам мен сүт беруді тоқтатамыз. Келісімшарт бойынша оған толық хақымыз бар. Соңғы жылдары азық-түлік қымбаттап кетті. Бұдан ары қарай асханаларда тегін тамақтандыру мүмкін емес, - дейді ЖШС-нің бас есепшісі Елена Майорова.

Ал «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының баспасөз қызметі бұл мәселеге қатысты қандай да бір ақпарат беруден бас тартатындарын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама