×

Бумеранг. Ядролық шабуыл Ресейді жойып жібереді

Бұдан басқа, электромагнитті бомба бар. Ол ядролық қарудан анағұрлым қатерлі

 Дастан Жұмабекұлы 30.09.2022 | 09:28
Фото: © TASS/EPA/KCNA

Ресей Украинаға ядролық шабуыл жасайтын болса, оның қайтарма соққысы Ресейге өте ауыр зардаптар әкелетін болады.

Бұл туралы Obozrevatel хабарлады.

Қолда бар мәліметке қарағанда, Ресей Украинаға ядролық соққы жасаған жағдайда, НАТО оған тап солайша ядролық қарумен жауап қайтара қоймайды. Бұл Солтүстік Альянстың адамгершілік ниеттерінен туындап отыр. Дегенмен, Мәскеуде оның орталығы бір түннің ішінде «Томагавк» қанатты ракеталарымен толық жойылып жіберілетін болады, – делінген хабарламада.

Хабарламада мына нысандарға дәл соққылар берілетіні атап көрсетілген:

– Қорғаныс министрлігі,

– ФСБ-ның Лубянкадағы штаб-пәтері,

– Бас барлау басқармасының штаб-пәтері,

– Үкімет үйі (Ақ үй),

– Президент әкімшілігінің бас корпусы,

– Мемлекеттік думасының ғимараты,

– Федерциялар кеңесінің ғимараты,

– Стратегиялық әскерлер командалық пункті (бункер),

– «Останкино» телемұнарасы мен телеорталығы.

Бұдан басқа, дендері сау адамдар мен тірі жәндіктер түрлерін жойып жібермей-ақ қатты әсер ететін тағы бір электромагнитті бомба деген сұмдық қару бар. Ол – қазіргі таңда планетадағы ең құпия қуатты қарулардың бірі. Егер ол қанатты зымырандармен Мәскеуге жеткізілетін болса, қаладағы барлық чиптер заматында істен шығып, жарамсыз болып қалады. Мұның өзі алып қала сол бойда қараңғылық құшағында бөгіп, барлық байланыс және қозғалыс құралдарынан айырылады деген сөз. Барлық көлік («Волга», «Москвич», «Жигулиден» басқа) тоқтайды, барлық электр станциясы, барлық байланыс (мобилді де, стационарлы да) түрлері қайтып қалпына келмейтіндей болып біржола істен шығады. Тек запас генераторлары чиптермен жұмыс істейтін ауруханалардағы, сондай-ақ үйдегі медициналық жабдықтарға тәуелді сырқат адамдар ғана қаза табады. Жылыту және сумен қамтамасыз ету насостары жұмыс істемейді. Қала бар-жоғы 3-4 күннің ішінде тіршіліксіз қалып, толық күйрейді. Тіпті соғысуға болатын адам да қалмайды. Ресейдің барлық билігі «жалаңаш король» болып шыға келеді. Мұндай қару ядролық қарудан анағұрлым қатерлі. Мұндай қару Ресейде жоқ. Ол тек НАТО-да ғана бар. Путин кіммен қауіпті ойын ойнауға болмайтынын білмей, қатты қателесті. Бұл оған марсиандар сияқты болып соққы береді. Сондықтан Путинге Гербер Уэллстің «Ғаламдар соғысы» деген фантастикалық романын оқуға кеңес береміз. Осындан кейін Мәскеудің алдында не жеңімпазы анықталмайтын үшінші дүниежүзілік ядролық соғысты бастау, не НАТО-ның кепілдік беруімен капитуляция және демилитаризация жасау жөніндегі актіге қол қою деген екі жолдың бірін таңдау мәселесі қойылады. Барлық қылмыскерлердің қорқақ болатыны жөніндегі психологиялық факторға ден қойсақ, Мәскеу НАТО-мен ядролық жанжалға бара қоймайды деген ойдамыз. Енді бірнеше аптадан кейін барлық өңірлердің халқы билікке қарсы бас көтеріп, соңынан бүгінгі Ресей жайлы тек естеліктер ғана қалатын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама