×

Қазақстандық фильм Берлин кинофестивалінде бас жүлде жеңіп алды

Фархат Шәріповтің «Схемасы» үздік атанды. Команда 7500 еуро сыйақыға ие болды

 Халық үні 17.02.2022 | 17:30
фото: ашық дереккөзден

Режиссер Фархат Шәріповтің «Схема» фильмі 72-ші Берлин халықаралық кинофестивалінің Generation бағдарламасында гран-при жеңіп алды.

Generation - Берлиналедегі балалар мен жасөспірімдер фильмдеріне арналған байқау бөлімдерінің бірі. Фильм режиссері және оның командасы 7500 еуро ақшалай сыйлыққа ие болды.

Біз Берлиналенің бір бөлшегі болғанымызға қуаныштымыз. Барлық түсірілім тобына сенім артқаны үшін, атқарған жұмысы үшін алғыс айтқым келеді. Жас актерлерімізге, сондай-ақ Берлиналені ұйымдастырушыларға бізді шақырғаны үшін алғысымды білдірем. Біздің ұсынғанымыз жастар әрі жасөспірімдер туралы фильм болғандықтан, бұл байқауға қатысқанымызға қуаныштымыз, - деді режиссер.

«Схема» көркем картинасы - сенсациялық «18 килогерц» фильмі трилогиясының екінші бөлімі және жасөспірімдердің өмірі жайлы баяндайды. Бұл фильмде режиссер қазіргі әлем шындығына айналған нашақорлық тақырыбын көтереді. 2019 жылы картина сценарийі мемлекеттік қаржыландыруға ие болды. Фильм Алматыда түсірілді. Басты рөлдерді дебютант актерлер Виктория Романова мен Тайыр Свинцов ойнады.

Айта кетсек, «18 килогерц» трилогиясы бірінші бөлімінің әлемдік премьерасы Варшава халықаралық кинофестивалінде өтті. Онда кинотаспа сенсациямен бас жүлде жеңіп алды. Зара Есенаманның «Хардкор» кітабы бойынша түсірілген картина 90-шы жылдардың соңындағы жасөспірімдер өмірі жөнінде көрсетеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама