×

Қызылорда мен Қарағандыда есірткі қылмысымен айналысқандар ұсталды

6 кг гашиш пен 52 кг марихуананың заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді

 Қымбат Елтайқызы 17.02.2022 | 12:05
фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда қаласында есірткі заттарын өсіруге және сақтауға қатысы бар Қазақстанның үш азаматының заңға қайшы әрекетінің жолын кесті. 

Процессуалдық іс-шаралар барысында «гидропоника» әдісімен өсірілген 24 түп апиын көкнәрі, 2 түп сора мен 2 кг кептірілген марихуана алынды, – дейді ҰҚК.

Бұған қоса Қарағанды облысында өңірлік есірткі тобының өкілдері құрықталды. Олардың екеуі Саран қаласының тұрғыны болып шықты. Топтың есірткі заттарын Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен тасымалдап, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау әрі Саран қалаларында өткізгені анықталды. 

Қабылданған шаралар нәтижесінде 6 кг гашиш пен 52 кг марихуананың заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді. Сотқа дейінгі тергеу материалдары қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама