×

Қаржы министрі жалдамалы пәтерлердің бағасын реттей алмайтынын айтты

Қазақстанда жалдамалы пәтер 30%-ға қымбаттады

 Дәурен Ерболат 27.09.2022 | 14:18
Коллаж: Halyq Uni

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бүгінде пәтерді жалға берушілерді тексеру өте қиын екенін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

«Бәрін нарық реттейді. Сондай-ақ елімізде шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий бар. Біз біреудің үйіне баса-көктеп кіріп, оны тексере алмаймыз. Адамдар бұл жалға алушы емес, менің туысым деп айта салуы да мүмкін, - деді ведомство басшысы Үкімет отырысынан соң.

Үкімет басшысының пікірінше, бұл мәселе заң аясында шешілуі керек.

Адамдар пәтерді жалға алғанда келісімшарт жасауы керек. Сонда ғана өз құқығын қорғай алады. Әйтпесе пәтер ақысын көтеріп жатқан - қазақстандықтар. Бағаны реттей алмаймыз, - деді Ерұлан Жамаубаев.

Қаржы министрі тұрғын үй нарығындағы жағдай ушықса, шағын және орта бизнесті тексеруге жарияланған мораторийға өзгерістер енгізілуі мүмкін екенін айтты.

Айта кетейік, осыған дейін Ресейде ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін Қазақстандағы пәтерді жалға алу құны айтарлықтай қымбаттады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама