×

Президент сайлауына 3 күннен бері әлі бір үміткер тіркелмеген

Бірде-бір қоғамдық ұйымның республикалық деңгейдегі съезі де өткен жоқ

 Еркеғали Болатұлы 26.09.2022 | 15:46
фото: ашық дереккөз

Кезектен тыс президент сайлауына кандидаттар ұсыну 23 қыркүйекте басталғанмен, Орталық сайлау комиссиясына кандидаттардан әлі бір өтінім түспеген.

Осы күнге дейін әлі ешбір үміткер ұсынылған жоқ. Бірде-бір қоғамдық ұйымның республикалық деңгейдегі съезі де өткен жоқ, - деп мәлімдеді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.

ОСК отырысына қатысқан саяси партиялардың өкілдері сайлауға кандидат ұсыну үшін әзірге партиялардың съезі өтпегенін мәлімдеген еді. Осы аптада президиум отырыстары мен съезд күнін белгілеу жоспарланып отыр.

Еске сала кетсек, кандидаттарды ұсыну науқаны 11 қазан, кешкі сағат 6-ға дейін созылады. Оларды республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынады. Ал әрбір үміткер 3 млн теңге жарна төлеуге міндетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама