×

Салық төлемеген 65 мыңнан аса алматылық банк қызметтерін ала алмайды

Оған қоса салықтың әрбір кешіктірілген күні үшін 1,25 есе айыппұл салынады

 Еркеғали Болатұлы 26.09.2022 | 14:24
фото: ашық дереккөз

2021 жылға арналған жеке мүлік салығын төлеу мерзімі биылғы 1 қазанда аяқталады. Ал 65 215 алматылық өз міндеттемелерін әлі орындамаған.

Бұл туралы Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаменті өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Қуаныш Түменбаев мәлімдеді.

23 қыркүйектегі жағдай бойынша 505 мың адамның 440 мыңы 2021 жылға жалпы сомасы 2,9 млрд теңге мүлік салығын төледі. 65 мыңнан аса тұрғын жалпы сомасы 945 млн теңге салықты әлі төлеген жоқ, - деді Қуаныш Түменбаев.

Сонымен қатар, ол борышкерлерге қандай шара қолданылатынын ескертті.

«Салық төлеу мерзімі өткеннен кейін мүлік салығын төлемегендер банктік қызметтерді ала алмайды. Оның ішінде банктік шот ашу, аударымдар жасау, несие алу және тағы басқалары бар. Бұл Салық кодексінде қарастырылған. Әрбір кешіктірілген күн үшін Ұлттық банк белгілеген ресми қайта қаржыландыру ставкасының 1,25 еселенген мөлшерінде айыппұл салынады», - деді спикер.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама