×

Бюллетендегі «Барлығына қарсымын» тетігі сайлау нәтижесіне әсер етпейді

Бұл туралы ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов мәлімдеді

 Халық үні 26.09.2022 | 14:13
Фото: neonomad.kz

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов алдағы президент сайлауында бюллетендегі «Барлығына қарсымын» тетігі сайлаудың түпкі нәтижесіне әсер етпейтінін айтты. Бар болғаны, азаматтар барлық кандидатқа қарсы дауыс беру арқылы өз таңдауын білдіре алады.

«Қарсы дауысқа қарамастан 50 пайыздан астам дауыс жинаған кандидат жеңімпаз болады. Егер бірінші турда нәтиже нақты болмаса, онда қайта дауыс беріледі. Содан кейін көпшіліктің даусын жинаған екі кандидат сайлауға жіберіледі. Одан әрі сол екеуі сынға түседі», - деді Шавкат Өтемісов.

Еске сала кетсек, 20 қарашада болатын президент сайлауы бюллетеньдерінде «Барлығына қарсымын» графасы болады. Яғни, сайлаушылар барлық кандидатқа қарсы дауыс бере алады.

Барлық кандидатқа қарсы шыққандардың даусы неге ескерілмейтініне келетін болсақ, бұл - азаматтардың өз қалауын білдіру мүмкіндігі, дауыс берушінің кандидаттарға деген қарым-қатынасы, - деді ОСК мүшесі.

ҚР Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес елімізде кезектен тыс президент сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасында өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама