×

«Темірқазық «таққа» қонса қайтадан...» - Балтабек Нұрғалиев сайлау науқанын жырлады

Арнауын тек «Сайлау күні – жиырмасыншы қараша» деп басталатын бір жолға ұйқастыра берген

 Еркеғали Болатұлы 25.09.2022 | 14:05
фото: ашық дереккөз

Назарбаевтар әулеті мен қолында билігі бар шенеуніктерге дүркін-дүркін ода арнап танылған ақын Балтабек Нұрғалиев алда өтетін кезекті президент сайлауына да бір өлең шығарып тастады. Ол өлеңін де әдеттегідей өзінің Facebook-тегі парақшасына жариялаған.

Бұл жолы бес шумақтан тұратын арнауын тек «Сайлау күні – жиырмасыншы қараша» деп басталатын бір жолға ұйқастыра берген.

Сайлау күні – жиырмасыншы қараша,

Бұл хабарға қуандым мен балаша.

Қасым-Жомарт Кемелұлын жебесін,

Ұлытаулық Жошы хан мен Алаша!.. - деп жалғасқан өлеңде ол көпшіліктің қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жаппай дауыс беретініне сенім білдірген.

«Темірқазық «таққа» қонса қайтадан,

Қоймас қауым ақ жолынан адаса?!,» - дейді шабытты шағындағы Балтабек Нұрғалиев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама