×

Астанадан 166 жолаушы Дубайға ұша алмай қалды (ВИДЕО)

Ұшақ бүгін де, ертең де ұшпайтын секілді

 Ербол Тұрымбет 25.09.2022 | 11:59
фото: ашық дереккөз

Әсел Дәулет есімлі жолаушылардың бірінің айтуынша, олар FlyDubai әуе компаниясының ұшағымен таңғы 5 жарымда Дубайға ұшып кетуі керек болған. Алайда әуе комнаиясының өкілдері техникалық ақау себебінен ұша алмай қалғанджарын түсіндіріп отыр.

Арада 6 сағаттан аса уақыт өтсе де, жұрт шулаған соң ғана Көлік прокуратурасы мен желілік полиция өкілдері келді. Онда да құр су ғана әкеп берді. Не ыстық тамақ жоқ, не еш жерге орналастырмады. Бүкіл кемшіліктің орнын толтыру жөнінде арыз жаздық, - дейді Әсел Дәулет.

Оның айтуынша, барлығы 166 жолаушы ұшуға тиіс болған. Жолаушылардың 70%-ы еліміздің басқа өңірлерінен келген. Қазір әлі де әуежайда жүр.

Әуе компаниясының Әсел есімді өкілі жүрді. Техникалық ақаулар дегеннен басқа ештеңені түсіндірмейді. Әуе компаниясының өкілдері тек 18 адамды ғана қонақүйге орналастырды, - дейді жолаушы.

Оның айтуына қарағанда, ұшақ бүгін де, ертең де ұшпайтын секілді. Себебі таңертең Дубайдан әуе компаниясының инженері келуге тиіс. Сол бірдеңе істеп, ұшуға болатынын не болмайтынын айтып, қорытынды жасауы керек. Соның қорытындысынан кейін ғана ұшпайтын жағдайда бортты ауыстырмақ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама