×

Жантүршігерлік жол апаты: 2 адам қаза тауып, 7 адам ауруханаға жеткізілді

Олардың екеуі – кәмелетке толмаған балалар

 Еркеғали Болатұлы 25.09.2022 | 10:15
фото: дереккөз

Екібастұз қаласындағы автожолда жантүршігерлік жол апатынан 2 адам қаза тауып, 7 адам жарақат алды.

24 қыркүйекте 19:30 шамасында 2001 жылы туған жүргізуші «Фольцваген Пассат» маркалы автокөлікпен Екібастұз қаласындағы «Стелла-Город» автожолымен жүріп келе жатып, рульді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, «Форд Транзит» шағын автобусымен соқтығысқан, – деп мәлімдеді қалалық ПД патрульдік полиция ротасының командирі Азамат Күркебаев.

Полиция мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан 2001 жылғы жүргізуші және «Фольцваген Пассат» автокөлігінің 2005 жылғы жолаушысы қаза тапқан. Сонымен қатар, «Форд Транзит» көлігінде болған 7 жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Олардың екеуі – кәмелетке толмаған балалар.

Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама