×

Жетісу облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

Тағы 2 адам әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды

 Динара Амантай 24.09.2022 | 12:56
фото: polisia.kz

Жетісу облысында жол апатының салдарынан 3 адам қаза тапты деп хабарлады Halyq Uni тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жол апаты 24 қыркүйек күні таңертең Сарқан ауданы, Алмалы ауылының маңында Toyota Hilux автокөлігінің қатысуымен болған.

Алматы – Өскемен автожолының 427-шақырымында 38 жастағы ер адам рөлге ие бола алмай, автокөлік аударылып кеткен. Салдарынан оқиға орнында үш адам қаза тапты. Жүргізушінің өзі және 48 жастағы жолаушы әртүрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жатқызылды.

Қажетті сараптамалар тағайындалды. Жол-көлік оқиғасы ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама