×

Бүгін Алматыда Димаш Құдайбергеннің концертін 2,5 мыңнан аса полицей қадағалайды

Сондай-ақ концерт кезінде ішімдік ішуге тыйым салынады

 Еркеғали Болатұлы 23.09.2022 | 16:19
фото: ашық дереккөз

Димаш Құдайбергеннің Алматыда өткелі жатқан концертіне 2,5 мыңнан аса полицей жұмылдырылмақ. Олар концерт өтетін орын мен оған жақын аумақта қоғамдық тәртіпті қатаң қадағалайды.

Бұл тек Қазақстан емес, халықаралық аренадағы айтулы оқиға. Сондықтан оны бейберекет дүрбелеңсіз және құқық бұзушылықсыз, өз деңгейінде өткізу маңызды, - дейді Алматы қалалық полиция департаментінің өкілдері.

Жүргізушілерге көліктерін Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінің бойына қоюға болмайтыны ескертілді. Шаһарда кептеліс болмас үшін қосалқы көшелерді пайдаланып, жүретін бағыттарды алдын ала реттеу ұсынылды. Сондай-ақ концерт кезінде ішімдік ішуге тыйым салынады.

Еске сала кетсек, Димаш Құдайбергеннің жеке концерті бүгін кешкі сағат 20:00-де Орталық стандионда басталады. Оған әлемнің 50 елінің азаматтары билет алған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама