×

Астана іргесіндегі ауылдың 3 тұрғыны кәріз құдығында қайтыс болды

Олар су құбырын қайта қосып, реттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан

 Еркеғали Болатұлы 23.09.2022 | 11:32
фото: ашық дереккөз

Қыркүйектің 21-інде Ақмола облысының Целиноград ауданына қарасты Қоянды ауылының 3 тұрғыны көз жұмды.

Нақты айтқанда, Наурыз көшесінің бойындағы 27 үйге қарама-қарсы су құбырын қайта қосып, реттеу жұмыстарын жүргізу кезінде Целиноград су арнасының жұмысшылары Төлеген Дүйсекеев, Қайрат Смағұлов, балабақша күзетшісі Қанат Қалиев жиналып қалған метан буына уланған.

Айта кетсек, жазатайым қайтыс болған Төлеген Дүйсекеев 31.10.1974 жылы, Қайрат Смағұлов 12.09.1992 жылы, Қанат Қалиев 05.02.1971 жылы туған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама