Halyq Uni логотип
×

Пәтер жалдау нарығында дүрбелең жоқ – сарапшы

Ресейліктердің көптеп келуіне қарамастан елдегі баспана жалдау нарығы өзгеріссіз тұр

 Ербол Тұрымбет 23.09.2022 | 09:19
Пәтер жалдау нарығында дүрбелең жоқ – сарапшы
Коллаж: Halyq Uni

Ресейден Қазақстанға жаппай қоныс аударушылардың елдегі баспана нарығына қалай әсер етенін білмекке Halyq Uni осы сала мамандарына хабарласып көрді. 

Krisha.kz өкілдері қазіргі таңда баспана жалдау нарығында ешқандай өзгерістің жоқтығын, жағдайдың тұрақты екенін айтады.

Тіпті, жалға берушілер бағасын қалай өзгертіп жатқанын білу үшін арнайы тексеріп көрдік. Ешқандай аяқасты өзгеріс көрмедік. Оның үстіне, тамыз айында пәтер іздеуші студенттердің көбеюінен байланысты дүрбелең болған. Қазір ол да басылды, дейді сайт талдаушысы Алина Буравцева.

Оның айтуынша, қазіргі бағалар тамызға қарағанда жоғары екені анық. Дегенмен, баға өсіміне қарасақ, соңғы аптаның ішінде Алматыда пәтер жалдау ақысы 0,6% ғана өскен. Ал Астанада керісінше, 1% төмендеген. Сайып келгенде, бағаны тұрақты деуге болады.

Айта кетейік, қазір krisha.kz сайтында Алматыда жалдау ақысы 500 мың теңгеден басталатын бір бөлмелі 19 пәтер тұр. Ең қымбаты 650 мың теңгеге дейін барады. Ал Астанада 200 мыңнан басталатын бір бөлмелі пәтерлер саны 200-ге жуық.

Сайт мәліметінше, апта басындағы Алматыдағы жалпы орташа жалдау ақысына келсек, бір бөлмелілер 180-190 мың теңге аралығында. Екі бөлмелілер 280-300 мың теңге, үш бөлмелілер 450 мың теңге шамасында беріліп отыр.

Айта кетейік, Ресейдегі ішінара мобилизацияға байланысты отандық сарапшылар шекара мен әскерді күшейту керектігін айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама