×

«Стипендиямыз жетпейді». Елордалық жас дәрігер асханадағы қымбатшылық жайын сөз етті

Үйінен әкелген тамағын асханада отырып ішуге рұқсат етпейді екен

 Айнұр Шошаева 16.02.2022 | 14:23
фото: instagram.com/doctorazbek/

Астана медицина университетінің 6-курс студенті Оразбек Тәшімбетов ауруханалардағы студенттердің асханасы жайлы мәселе көтеріп, университет басшылығына жүгінді.

Айтуынша, №1 қалалық аурухана асханасында бағалары тым қымбат. Бір рет тамақтану - орташа есеппен 1500-2000 тенге аралығында екен.

Қатты қымбат болып көрінбеуі мүмкін, бірақ күнде тамақтануға студенттердің стипендиясы жетпейді. Сол үшін студенттер өзімен бірге тамағын алып келеді, өйткені барлық студенттің асханадан тамақтануға жағдайы жете бермейді, әркімде әртүрлі жағдай болуы мүмкін, - деп жазды ол.

Алайда, асханадағылар өзімен бірге тамағын әкелуге рұқсат етпейді екен. Тіпті, асхана дастарханынан көріп қалса, орнынан тұрғызып жібереді екен.

«Бүгін де соның күәсі болдым, қаншама студенттер амалсыз тұрып кетті, тамақтанатын басқа орын жоқ, тамақтанбайын десе 8:00-де сабақ басталады, үйінен тамақтануға бәрі үлгермейді», - дейді студент.

Аталған шағым бойынша Halyq Uni тілшісі елордадағы №1 көпбейінді қалалық аурухананың бас дәрігері Марат Абдуовқа хабарластық.

«Аталған өтініштен хабардармыз. Ауруханадағы асхана мемлекеттік тапсырыс негізінде аутсорсингке берілген. Ғимаратты жалға алу ақысын әкімдікке төлейді. Асханадағы бағаны жекеменшік компания өзі анықтайды. Оларға арзандату туралы талап қоя алмаймыз», - деп жауап берді Абдуов.

Оның айтуынша, мемлекеттік сатып алу порталында өткен ашық конкурста №1 көпбейінді қалалық  ауруханадағы жұмысты ұйымдастыруды «Оpen solution» ЖШС жеңіп алған. Аталған компанияның өкілі әзірге телефон тұтқасын көтермеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама