Шымкент тұрғыны заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған

Динара Амантай

Оған 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды

Фото: ашық дереккөз

Шымкент қаласында полиция қызметкерлерінің «Стоп игра» шұғыл іс-шарасы барысында қала аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі анықталды.

Іс-шара аясында жүйелік блоктар, мониторлар, ноутбук, ойын терминалдары, рулетка ойын аппараты, чек шығаратын құрылғы және басқа да техника құралдары анықталып, тәркіленді.

Іс сотқа жолданып, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған азамат кінәлі деп танылып, 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қызылордада заңсыз ойын бизнесіне қатысты сот шешімі шыққаны туралы хабарлаған болатынбыз.