×

Қызылордада заңсыз ойын бизнесіне қатысты сот шешімі шықты

Ойын орнынан 20 компьютер, 4 «ZOOM» ойын аппараты, 1 модем, ақша мемлекет пайдасына өндірілді

 Динара Амантай 08.09.2022 | 11:50
Фото: ашық дереккөз

Қызылорда қаласында ұйымдастырылған заңсыз ойын бизнесіне қатысты қылмыстық іс бойынша сот шешімі шықты. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, Қызылорда қаласының тұрғыны 33 жастағы Марат Дәулетов биыл наурыз-сәуір айларында екі пәтерді жалға алып, заңсыз ойын орнын ашқан.

Заттай дәлелдеме ретінде танылып, ойын орнынан 20 компьютер, 4 «ZOOM» ойын аппараты, 1 модем, ақша мемлекет пайдасына өндірілді. Сарапшы қорытындысымен және куәгерлердің жауабымен М. Даулетовтың кінәсі толығымен дәлелденіп, оған сот шешімімен 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды, – делінген хабарламада.

ҚМА азаматтарды патологиялық құмар ойындарға тәуелділіктен қорғау мақсатында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру орындарын анықтау және оларға тосқауыл қою жұмыстарын жалғастырады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы қаласында монша кешенінде орналасқан астыртын ойынхана қызметін заңсыз ұйымдастырған бір топ адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталғаны туралы хабарлаған едік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама