×

Алматыда заңсыз қару сатпақ болған азамат ұсталды

Бұл мәмілені қалалық прокуратураның келісімімен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы тоқтатты

 Динара Амантай 22.09.2022 | 09:26
Фото: polisia.kz

Алматыда ер адам қару-жарақ сатпақшы болған, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, күдікті Калашников автоматын 3 миллион теңгеге сатпақ болған. Бұл мәмілені қалалық прокуратураның келісімімен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы тоқтатты.

Арнайы іс-шара барысында қару-жарақ сатумен айналысты деген күдікпен 42 жастағы А. есімді азамат ұсталды. Ол 5,6 мм патрондарды атуға жарамды АК-74 автоматын сатты. Қару-жарақтың нөмірі жойылған, бұл оны анықтауды қиындату үшін әдейі жасалды деп ойлаймыз. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 287-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген қылмыстық іс аясында сот-баллистикалық сараптама тағайындалып, оның қорытындысы бойынша атыс қаруының қайдан алынғандығы және кімдікі екендігі анықталатын болады, – деді Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Жанат Нұрғалиев.

Күдікті өз кінәсін мойындады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама