×

Еріктілер Қырғызстанға көмекке 10 млн теңге жинады

Мемлекет бюджетінен ақша бөлу үшін тиісті ведомстволар өтініш беру керек

 Дастан Жұмабекұлы 21.09.2022 | 16:04
фото: ашық дереккөз

Бүгін Парламент Мәжілісінде премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев еріктілер 10 миллион теңгеден астам қаржы жинап бергенін айтты.

Осыған байланысты «Қазақстан билігі Қырғызстанға үкімет резервінен көмек бере ме?» деген сұраққа вице-премьер көрші елге ақша беру туралы бюджеттік процеске сәйкес өтініштерді тиісті мемлекеттік органдар беретінін айтты.

Оның айтуынша, мемлекеттік органдар резервтен тиісті сома беруді сұраса, мәселе бюджеттің мүмкіндігіне қарай қарастырылады. Осы мәселені салалық мемлекеттік органдар, соның ішінде төтенше жағдайлар министрлігі, қорғаныс министрлігі айналысуы керек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама