×

Министр қай өңірлерде ана мен сәби өлімі жиі тіркелетінін айтты

Биыл ана өлімінің көрсеткіші 2,4 есе төмендеген

 Дәурен Ерболат 21.09.2022 | 09:45
көрнекі фото: Орал қаласындағы көпбейінді аурухана

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният биыл ана мен сәби өлімі жиі тіркелген өңірлерді атады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

«Ана өлімінің ең жоғары көрсеткіші Павлодар, Қарағанды, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында байқалады. Құрылымында акушерлік асқынулар – 70%, соматикалық аурулар – 30%. Нәрестелер өлім-жітімінің көрсеткіші  тірі туған 1000 сәбиге шаққанда 8,3-ті құрады. Сәби өлімінің ең жоғары көрсеткіші Шымкент қаласы, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында. 33% жағдайда 1 000 граммға дейін шала туған, салмағы тым аз балалар шетінеген», - деді Ажар Ғиният Үкімет отырысында.

Министр медициналық ұйымдардағы кадрлық әлеуетті нығайту үшін резидентурада медицина кадрларын дайындау жүргізілетінін атап өтті.

Оның ішінде акушер-гинекологтар, неонатологтар және анестезиолог-реаниматологтар сияқты арнайы және тапшы мамандықтарды даярлауға арналған гранттардың саны 1,5 мыңға дейін ұлғайтылды, - деді ведомство басшысы.

Еске салайық, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният биыл Қазақстандағы дәрігерлердің орташа жалақысын 420 мың теңгеге жеткізу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама